"Астана" бас бапкері
Роман Григорчук команданың Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі алдындағы дайындығы мен трансферлік кезеңдегі клубтың жұмысына пікірін білдірді.
"Мен әр баспасөз жиынында "Астана" сапына кем дегенде тағы 2 жоғары деңгейлі ойыншы алу керектігін айтып келемін. Қазір тіпті, кешілһгіп қалдық десем де болады. Өйткені, кез келген ойыншыға жаңа клубқа бой үйрету үшін уақыт керек. Алайда, біздің әлі де болса аталған олқылықтың орнын толтыратын мүмкіндік бар. Әлі Чемпиондар лигасының алғашқы ойынына дейін біріншілікте екі матч өткіземіз. Егер ойыншылар сатып алып жатсақ, міндетті түрде істе сынап көреміз. Ал ойыншы алмасақ өз жоспарамызды өзіміз қиындатып алмақпыз".
-"ЧФР" Клуж командасы туралы қаншалықты ақпарат бар. Қарсылас жайында не айта аласыз?
"Дәл қазір мені олардан бұрын Қазақстан біріншілігіндегі алдағы екі ойын қатты алаңдатады. Командамды "Қайрат" пен "Тобылға" қарсы өте қиын әрі тартысты ойын күтіп тұр. Дегенмен де біз "ЧФР" клубы жайында ақпарат жинап жатырмыз".
Шамкен БАЙЫРБЕК.