Роман Григорчук: «Ойын тізгінін өз қолымызда ұстау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз»

01.08.2018, 06:29
Роман Григорчук: «Ойын тізгінін өз қолымызда ұстау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз»
«Мидтьюлланд» - «Астана» арасындағы қарымта матч алдында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысумен баспасөз жиыны өтті.

-         Бірінші ойынға дейін біз қарсылас команданы толықтай зерттеген едік және олар бізді де. Осы жағдайды ескеретін болсақ бірінші ойыннан кейін біз одан көп ақпарат жинай алдық. Астанадағы алғашқы ойыннан кейін, біз ертеңгі матчта барынша жақсы ойын көрсетуге тырысатын боламыз.

-         Сіздің әріптесіңіз Астанадағы кездесу тең дәрежеде өрбігенін айтты. Алайда, статистикалық мәліметтер басқаша сөйлеп тұр. Қарымта ойында Сіздің командадан басымдық күтуге бола ма?

-          Мен бірінші кезекте әріптестеріме үлкен құрметпен қараймын. Сондықтан да оның айтқан пікіріне алып ештеңе қосқым келмейді. Алайда, ертеңгі матч дәл Астанадағы кездесу сияқты өрбімеуі де мүмкін. Сондықтан, біз ертеңгі ойынға барлық жағынан дайын болуға тиіспіз. Біздің командада ертеңгі айқын басымдық болады дей алмаймын. Алайда, ойын тізгінін өз қолымызда ұстап, кездесуде өз дегенімізге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз.

-         Ертеңгі матч Астанадағы ойынмен салыстырғанда қай жағынан өзгеше болуы мүмкін?

-         Бірінші кезекте қарсылас команда алғашқы ойын нәтижесінен кейін, татикалық тұрғыда өз ойынына өзгерістер енгізуі мүмкін. «Мидтьюлланд» сапында өте мықты ойыншылар тобы жиналғандықтан, жаңа ойыншыларды алаңға шығаруы да ықтимал. Сондықтан, біз алаңда орын алатын барлық өзгерістерге, жаңалықтарға дайын болуымыз қажет. Бұл стратиегиялық тұрғыда өте маңызды.

-         2:1 есебі өте құбылмалы. Команданың қарымта ойын алдындағы көңіл-күй қалай?

-         Ойын есебінің қандай болғанына қарамастан, біз алғашқы кездесуде жеңіске жеттік. Ойынның құбылмалы есебіне мен ешқашан мән бермеуге тырысамын. Бұл жағдайға аса бас ауыртудың қажеті жоқ деген ойдамын. Алғашқы кездесуде жіберген гол туралы ойлау, менің ойымша еш қажет емес. Егер біз ертеңгі ойында өз алаңымызда өткізген кездесуден де жақсы ойнайтын болсақ, келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігіміз жоғары деп ойлаймын. Дегенмен, біз қарсылас команда алаңында ойын өткізетінімізді де естен шығармауға тиіспіз. Олар біздің жолымызды бөгеуге тырысатыны анық. Сондықтан, жақсы нәтиже беретін ойын үлгісін көрсету қажет. Ал команда ойыншыларының көңіл-күйі туралы айтар болсам, ешқандай мәселе жоқ. Барлығы өте жақсы, ең бастысы өз күштеріне сенімді.

-         «Мидтьюлланд» ойыншылары жолдың ұзақтығын тілге тиек еткен еді. Бұл мәселе бойынша Сіздің ойыншыларыңыздың жағдайы қалай?

-         Біздің барлық еуропалық сапарымыз өте ұзақ. Алайда, біздің клуб басшылығы осы жаққа оңтайлы жағдайда ұшып келуімізді, дайындалуымызды өте жоғары деңгейде қамтамасыз етті. Сол үшін де басшыларымызға үлкен алғыс айтамын. Ал футболшылар бұл жағдаймен бас ауыртпай, ертеңгі ойынға жақсы жағдайда кірісуі қажет.

-         Антонио Рукавина Премьер-Лига аясындағы «Атырауға» қарсы кездесуге шығатын ойыншылар тізімінде болған жоқ. Ол ертеңгі кездесуге қатысуға дайын ба?

-         Рукавина бізбен бірге ұшып келді. Оның команда құрамындағы басқа ойыншылар сияқты, ертеңгі матчта негізгі құрамда алаңға шығуға мүмкіндігі зор.

-         «Атырауға» қарсы кездесуде команда сапына жаңадан қосылған ойыншылар алаңға шықты. Осы жағдайды ескеретін болсақ, ертеңгі құрамда өзгерістер болуы мүмкін бе?

-         Әрине, біздің құрамдағы жаңа ойыншылар күн сайын өздерінің нағыз спорттық бабына жақындап келе  жатыр. Біз оларды барынша бақылауда ұстап отырмыз. Ал кімнің алаңға шығып, командаға қаншалықты көмектесуге дайын екендігін ертең шешетін боламыз.

 

fcastana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×