Роман Григорчук: "Бүгінгі ойын босаңсуға әлі ерте екенін аңғартты"

10.07.2019, 05:40
Роман Григорчук: "Бүгінгі ойын босаңсуға әлі ерте екенін аңғартты"

-Бұл матчта Дорин Ротариуды өз позициясында емес, қапталдағы шабуылшы ретінде алаңға шығаруды жөн көрдіңіз. Бүгінгі ойынын қалай бағалайсыз? Ал Марин Томасовты ойыннан ерте алып тастадыңыз. Бұл шешіміңізді қалай пайымдар едіңіз?

-Рас, Дорин осы матчта өзіне жат позицияда өнер көрсетті. Менің ойымша, ол қапталдағы шабуылшы ретінде алдыңғы шепте де, қорғаныста да өзім күткеннен жақсы ойнады. Матч алдында бұл шешімді қабылдар кезде көп ойланғанымды жасырмаймын.

Ал Маринге келер болсам, оның шаршап қалғаны байқалып тұрды. Оған қоса, қазір оның жеке мәселелері де бар. Жауапты ойында Мариннің командаға әлі-ақ көп көмегі тиеді деп сенемін.

-Негізі бүгінгі ойында толыққанды шабуылды ұйымдастыратын ойыншы болмағандай әсер қалдырды. Содан болар қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. Бұл жайтты немен байланыстыруға болады?

-Иә, сіздің ойыңызбен келісуге болады. Жалпы алғанда бұл қарсыласымыздың деңгейі жоғары екенін аңғартады. Егер байқасаңыздар, "ЧФР"-дің орталық алаңдағы футболшылары бір-біріне өте жақын, тығыз орналасумен болды. Міне, сол себепті біздің кейбір пастарымыз керек жеріне жетпей жатты. Ал қаптал арқылы жасалған шабуылдарға келер болсам, бұл тұрғыдан әліде жұмыс істеу керегін жасырмаймын.

-Кеше Фирминнің әлі ойынға дайын еместігін айтқан едіңіз. Бүгін оның матч соңында шығуы мәжбүрліктен туған жай болды ма?

-Жоға, мен олай айтпас едім. Иә, ол әлі толық физикалық тұрғыдан дайын емес. Алайда, Мубеле екеуміз ойын алдында сөйлескенімізде ол 20 минут ойнауға дайын екенін айтқан болатын. Бірақ мен бұл уақытты азайтып, 10 минут қалғанда ойынға қостым. Бұл матч та оның жылдамырақ өз бабына келуіне сеп болады деп ойлаймын.

-Өз алаңымыздағы жеңісті есеп сіздің көңіліңізден толық шыға ма? Қарымта матчтан күтеріңіз?

-Шынымды айтсам, бұл есеп босаңсуға мұрша бермейді. Өйткені, мен "ЧФР"-дің өз алаңында бізге қарсы қалай ойнайтынын жақсы түсінемін. Шынын айту керек, "Астананы" түзде өте ауыр кездесу күтіп тұр. Бүгін бізге аямау қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Енді бір аптадан кейін бізге қарсы румыниялық жанкүйерлерде осылай қызу қолдау көрсетпек.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×