![](https://sun9-5.userapi.com/c635103/v635103529/2e9d1/KBsvM7lvyUo.jpg)
Есе жіберілген «Астана» - «Динамо Загреб» матчынан кейін елордалық ұжымның бас бапкері Роман Григорчуктің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
— Ойынды тереңінен талдап отырмаймыз, бірақ, біз көптеген қателіктер жібергенімізді түсінеміз. Осының түбіне жетіп, олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыс істейміз. Қазіргі көңіл-күй тым нашар, өйткені, біз дұрысырақ ойнап, жақсы нәтижеге жетеміз деп сенген едік.
— Неліктен Юрий Логвиненко ойынға қатысатын ойыншылар тізіміне ілінген жоқ?
— Оның кішігірім жарақаты болды, соның өзі ойынға толық дайын болуына кедергі жасады. Бірақ біз Юраның қарымта ойынға дайын болатынына үміт артып отырмыз.
— Қапталдағы шабуылшылар Томасов пен Педро Энрикенің ойынына көңіліңіз толды ма?
— Менің ештеңеге, тіпті өзіме де, ойынға да көңілім толмайды, мұндай кезде көңіл толатындай не болуы мүмкін? Мұндай кезде біз әлдекімді жеке дара сынамай, бірігуіміз қажет. Бүгінгі ойынға дайын болмай келдік, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмадық, осыған көңіліміз толмай отыр, айтылған сындар орынды.
— Сіз бұрынырақта «Черноморецпен» бірге «Динамо Загребтен» өткен едіңіз. Хорваттар қаншалықты күшейген?
— «Динамо» қашанда мықты команда, мұны ойынның алдында да айтқан едік. «Черноморецпен» ойнаған командамен салыстырар болсақ, сол құрамнан қазір тек Адеми ғана қалған. Негізінде команданың ойын әдісі сақталған, құрамында мықты ойыншылар бар. Бүгін олар ұйымдаса ойнады, өздеріне сенімді болды.
— Команданың Загребтегі екінші ойындағы мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
— Өз алаңымызда 2:0 есебімен ұтылған соң мүмкіндіктерді бағалау өте қиын. Бәлкім басқа есеп болатын шығар, осындай ойын арқылы гол да соға алатын шығармыз. Бірақ есеп біз үшін өте қиын. Мүмкіндік өте аз екенін түсінеміз, бірақ, жоқ емес. Келесі ойында өз мүмкіндікті пайдалану қажет. Сол үшін күресу қажет.
— Бірінші ойынды ескере отырып, Загребте екі шабуылшымен ойнауға дайынсыз ба?
— Бір нәрсені түсіну керек, екі форвардқа негізделген сызбаны шабуылдаушы сызба деп атауға болмайды. Мәселе шабуылшылардың санында емес, олардың қалай шабуылдайтынында. Хорватияда қалай ойнайтынымызды шешуге уақыт бар.
— Бір аптада нені реттеу қажет?
— Көп нәрсе жасауға болады. Біз чемпионатта ойнамаймыз, сондықтан жаттығу жасайтын күндеріміз бар. Бір аптада ойынды жақсартып, кемшіліктерді жетілдіруіміз қажет.
— Бүгін команда бір-бірін түсінбеген жағдайлар көзге түсті. Оны дұрыстау үшін сіздерге уақыт қажет пе?
— Сізбен келісемін. Бірақ уақыт туралы айтқым келмейді. Өйткені қазіргі жағдайда бұл қате. Біз жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бүкіл жауапкершілікті мен арқалаймын, оны мойындаймын. Уақыт туралы әңгіме ешкімге пайда әкелмейді. Бір ғана, ойынға төселушілік жетіспеді дегенге келісемін.
— Бүгін төрешілер «Астананың» голын есепке алмады. Осыған байланысты Сіздің пікіріңіз қалай, Чемпиондар лигасында VAR жүйесі қажет пе?
— Мен төрешілердің әрекеті туралы ештеңе айта алмаймын. Өйткені, гол не себепті есепке алынбағанын білмеймін. Ал жалпы футбол үшін ондай жүйе қажет, мен оған қосыламын.
— Аничичтің жарақаты қаншалықты ауыр?
— Алғашқы болжамдарға қарағанда, жағдай оңай емес сияқты. Құдайдан жарақаты ауыр болмауын сұраймыз.