Роман Григорчук: «Біз бұдан да жоғары нәтиже күткен едік»

05.08.2018, 08:58
Роман Григорчук: «Біз бұдан да жоғары нәтиже күткен едік»
«Ақтөбе» - «Астана» (1:1) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук баспасөз жиынында ойын туралы ойын ортаға салды. - Ойын өте жақсы футбол атмосферасында өрбіді. Маған жергілікті жанкүйерлердің өз командаларына қалай қолдау білдіретіні қатты ұнады. Ал ойынға келер болсақ, біз бұдан да жоғары нәтиже күткен едік. Ойынның қалай өрбігендігін өздеріңіз көрдіңіздер. Екі команданың бірінің пайдасына аяқталып кетуі мүмкін еді. Енді тез арада бүгінгі матчтан лайықты қорытынды шығарып, екі күннен кейінгі маңызды ойынға дайындалуымыз қажет. Бізге терең ой, қызуқандылық және жемісті жұмыс атқару қажет.  

"Астана" ФК-ның баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×