Рохер Каньястың агенті: жаңа заң қабылданғаннан кейін оған енді Қазақстанда өнер көрсететін мүмкіндік жоқ

21.02.2025, 16:51

Қазақ жанкүйеріне жақсы таныс колумбиялық футболшы Рохер Каньястың агенті Серж Татьефанг футболшының мансабы туралы пікірімен бөлісті.

Рохер Каньястың агенті: жаңа заң қабылданғаннан кейін оған енді Қазақстанда өнер көрсететін мүмкіндік жоқ
Рохер Каньяс

Айта кетейік, еліміздегі легионерлер лимиті мен жалақысын төлеуге байланысты заңнамаға өзгерту енгізілмек. Егер осы құжат күшіне енетін болса шетелден келетін футболшылардың айлығын төлеу міндеті облыс бюджетіне жүктелмейді.

«Каньяс дәл қазір Колумбияда. Жаңа заң қабылданғаннан кейін оған енді Қазақстанда өнер көрсететін мүмкіндік жоқ. Әзірге ешқайда ойнамайды, алайда, спорттық мансабын да аяқтайын деп тұрған жоқ. Алдағы уақытта доп тебетін жер, жақсы команда қарастыратын боламыз», - деді футбол менеджері.

Рохер Каньястың соңғы клубы қарағандының «Шахтері» болатын. Жартылай қорғаушы одан бөлек «Астана», «Ордабасы», «Ертіс», беларусьтік «Шахтер» Солигорск, ресейлік «Сибирь», польша біріншілігінің «Ягеллония» және кипрдің «АПОЭЛ» клубтарының намысын қорғаған. Жалпы колумбиялық ойыншы Қазақстан премьер-лигаларындағы 220 матчта 25 рет мергендік танытып, 17 ассист берген. Футболшының нарықтық құны 100 мың еуро.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×