Роберто Карлос Алматыда өтетін Meta Sport Forum конференциясының арнайы қонағы болады

2-3 сәуірде Алматыда спорт маркетингі және бизнес бойынша халықаралық Meta Sport Forum конференциясы өтеді.

Роберто Карлос Алматыда өтетін Meta Sport Forum конференциясының арнайы қонағы болады
Фото 1xbet.kz

Іс-шарада қазақстандық спорт қауымдастығының өкілдері, Еуропа мен Америкадан шақырылған спикерлердің қатысуымен пікірталастар мен кейс-сессиялар өтеді.

Meta Sport форумының арнайы қонағы ретінде әлем чемпионы және Америка Кубогының екі дүркін жеңімпазы, Бразилия құрамасы сапында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, аты аңызға айналған «Галактикос» – «Реал Мадрид» сапында Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы және Испанияның бірнеше дүркін чемпионы атанған Роберто Карлос шақыртылады. 2013 жылы Роберто Карлос World Soccer журналының нұсқасы бойынша футбол тарихындағы 100 үздік футболшының тізіміне енді. 2024 жылдан бастап Роберто Карлос 1xBet-тің Қазақстандағы елшісі атанды.

Meta Sport форумы аясында Роберто Карлос жеке брендті дамыту және спортты дамытудағы спорт елшілерінің рөлі туралы пікірталасқа қатысады және футболшы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін қалай танымал болып қалу керектігі туралы айтып береді. 

Роберто Карлос Қазақстанда 3 сәуірде өтетін Metaratings Top Awards алғашқы Ұлттық спорттық премиясында Бразилия құрамасында ұзақ уақыт бірге ойнаған әріптесі Кафумен қайта кездеседі. Салтанатты шара барысында үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, менеджерлер мен спорт ұйымдары, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ спорт бизнесі мен букмекерлік кеңселердің өкілдері арнайы марапаттарға ие болады.

Өтетін күні: 2-3 сәуір, 2025 ж

Өтетін орны: Алматы, Lux Hall, Достық даңғылы, 341/1

Толық ақпарат пен билеттер форум сайтында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×