Ресми: Сергей Климов - «Ертіс» ФК спорт директоры атанды.

21.06.2018, 20:17
Ресми: Сергей Климов - «Ертіс» ФК спорт директоры атанды.
Павлодарлық «Ертіс» Сергей Александрович Климовпен ресми түрде еңбек келісімі жасасқандығы жайлы мәлімдейді. Белгілі қазақстандық маман клубтың спорт директоры лауазымына тағайындалды.
Сергей Климов өзінің бапкерлік мансабын «Қайраттың» әкімгері болып бастаған еді. Кейін, «Астана», «Қайрат», «Атырау» «Іле-Сәулет» командаларында жаттықтырушы болған еді.
2011 мен 2017 жылдар аралығында «Ертіс» ФК жаттықтырушылар құрамында қызмет еткен. Біз Сергей Александровичтың клубқа оралуына қуаныштымыз, әрі жұмысына тек сәттілік тілейміз! "Ертіс" ФК баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×