Мадридтің "Реалы" өзінің трансферлік кезеңдегі қаржылық тепе-теңдігін қалыпқа келтіру мақсатында жалға берген ойыншыларымен қоштасуда.
Бүгін "Челси" Матео Ковачичті "Реалдан" сатып алғанын хабарлады. Лондон клубы хорватиялық футболшымен 5 жылдық келісім-шартқа қол қойыпты. Ал бейресми ақпарат көздерінің мəліметіне сүйенсек, бұл трансферден "галактикос" 40 млн. еуро тапты. Естеріңізге сала кетейік, кезінде "Реал" Матеоны 38 млн. еуроға сатып алған болатын.
Жалпы алғанда өткен маусымнан бері жалға берілген жартылай қорғаушы "Челси" жейдесінде АПЛ-да 51 матч өткізген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.