Ресми: Генрих Мхитарян - Бакудегі Еуропа лигасының финалына бармайды

21.05.2019, 22:55
Ресми: Генрих Мхитарян - Бакудегі Еуропа лигасының финалына бармайды
"Арсенал" өз сайтында Генрих Мхитарянның Бакудегі финалға бармайтынын хабарлады. Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабах аймағы үшін жер таласы өз әсерін тигізді.   "Біз Генрих Мхитарянның Бакуде өтетін "Челсиге" қарсы матчқа бармайтынын хабарлаймыз. Әрине, өкінішті. Біз өз тарапымыздан Генрихтің бұл ойынға қатысу мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырды. Ал бұл туралы ойыншы және оның отбасымен сөйлескеннен соң бармағаны жөн деп шештік. Біз УЕФА-ға аталған мәселе бойынша қатты алаңдаушылық білдіретінімізді айтып хат та жаздық. Өйткені, Генрих команданың негізгі ойыншыларының бірі. Бәрінен бұрын футболшының құрлықтың ең белді бәсекесінің финалынан осындай келеңсіз жағдайларға байланысты тыс қалатыны қынжылтады. Дегенмен де Мхитарян командамен бірге финалдық матчқа дайындалуды жалғастыра бермек", -деген ресми мәліметте.  Ал армениялық ойыншының өзі де инстаграм желісінде осы жайтқа қатысты былай хабар берді: "Жағдайды жан-жақты қарастыра отырып, финалға қатыспайтын болдым. Бұл кез келген футболшының басында кездесе бермейтін оқиға. Расында, бұл шешімді қабылдаудың өзі маған қиынға соқты. Бірақ мен өз командама барынша қолдау көрсетемін. Қане, бұл жүлденің бізге тиесілі екенін дәлелдейік!".

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×