Павлодарлық клуб нигериялық және қазақстандық ойыншымен толықты.
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы нигериялық футболшы Джон Чибуйке және Нұржігіт Сматовпен еңбек келісімі жасалғандығы жайлы ресми түрде хабарлады.
29 жасар нигериялық ойыншы бұған дейін өз елінің "Энугу Рейнджерс", швециялық "Хеккен" және "АИК", норвегиялық "Русенборг", израильдік "Хапоэль" Тель Авив, түріктің "Газиантепспор" мен "Самсунспор" клубтарында өнер көрсеткен. Норвегия біріншілігінің күміс және екі мәрте қола жүлдегері атанған.
![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/08/сматов-480x320.jpg)
Ал, 22 жасар Нұржігіт Сматов Алматы футбол мектебінің түлегі болып саналады. Бұған дейін Теміртаудың "Шахтер-Болаты" мен Алматының "Қайрат А" командаларының сапында өнер көрсеткен.