Эрик тен Хаг шəкірттері Эрндевизидің 33 турында "ПСВ"-ның ағаттығын өз пайдасына жарата білді.
"Аякс"-"Утрехт" 4:1
Гол авторлары: Хунтелар, 14 мин, ван де Бек, 45+1 мин, Тадич, 70 жəне 80 мин (пенальти) дубль жасады - Бусайд, 1 мин.
Эредивизияның 33 турында өз алаңында "Утрехті" ірі есеппен тізе бүктірген "Аякс" біріншілікте соңғы турын күтпей-ақ чемпиондықты тойлап кетті. Себебі, "Ақтөбе" жанкүйерлері жақын таныс АЗ Алкмаар" өз алаңында екінші орында із қуып келе жатқан "ПСВ"-ны 1:0 есебімен ұтты.
Шамкен БАЙЫРБЕК.