Ресми ақпарат: Эдер Милитао "Реал Мадрид" сапына ауысты

23.04.2019, 06:24
Ресми ақпарат: Эдер Милитао "Реал Мадрид" сапына ауысты
"Портудың" бразилиялық орталық қорғаушысы Эдер Милитао жазда Мадридке қоныс аударады. "Реал" тасқамал қорғаушымен келісім шарт жасасып, "Портуға" 50 млн. еуро төлеп те қойды. Енді тек жазды күту ғана қалды.  21 жастағы қорғаушы ғұмырындағы бұл сәтті былай сипаттапты: "Шынымды атйсам, қазір өте қатты қуаныштымын. Бір жыл өтпей жатып Бразилиядағы "Сан-Паулу" командасы сапында ойнап жүргенімде, дәл бұлай жылдам қарқынмен жетістікке жетемін, әлемдегі үздік клубтардың біріне ауысамын деп үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Небәрі "Порту" сапында өткізген жарты жылдың ішінде маған "Реалдың" "құда түскеніне" өзірге өзім де сене алар емеспін".   Естеріңізге сала кетейік, Эдер Милитаоны 2018 жылдың жазында "Порту" "Сан-Паулудан" 8 млн еуроға сатып алған-ды.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×