
«Атыраудың» ресейлік легионері Евгений Козлов Қазақстан азаматтығын алу процесі мен ұлттық команда қатарында өнер көрсету жайлы ойын ортаға салды.
Айта кетейік, жартылай қорғаушы осы маусымнан бастап «мұнайшылардың» намысын қорғауда. Оған дейін Евгений «Ақжайық», «Қызыл-Жар» мен «Шахтер» клубтарының намысын қорғаған. Ал өзінің отанында «Витязь», «Зенит», «Волга» секілді командаларда өнер көрсеткен.
«Дәл қазір құжаттарымды жинастырып жатырмын. Көреміз енді қанша уақыт алатынын. Егер барлығы ойдағыдай болса, Қазақстан құрамасының бапкерлік штабының назарына іліну үшін қолдан келгеннің барлығын істеймін», - деді ресейлік футболшы.
Наурыздың 22-де Қазақстан сырт алаңда Уэльспен шеберлік байқасады. Ал одан кейін ӘЧ-2026 іріктеуінің аясындағы тағы кезекті кездесуін сырт алаңда Лихтенштейнге қарсы өткізбек.
Біздің серіктес: FONBET