
Ресейлік ардагер Владимир Пономарев отандасы Артем Дзюбаның «Қайратқа» баруын сынға алып, алматылық клубқа «ескерту» жасады.
«Егер «Қайрат» Чемпиондар Лигасында масқара боламын десе, Артем Дзюбаны ала берсін. Бұл жағынан «көмектесіп» жіберетіні анық. Милары «жоқ» болса, мейлі солай істей берсін, алсын. Дзюба футболшы ретінде өзін толық тауысып біткен. Жарамсыз материал ғой былайша айтқанда», - деп ресейлік футболшыны аяған жоқ ардагер.
Айта кетейік, Артем Дзюба мансабында ресейлік "Локомотив", "Спартак", "Томь", "Ростов", "Зенит", "Арсенал" және түркиялық "Адана Демирспор" сапында өнер көрсеткен.
«Қайрат» былтыр ҚПЛ-ді ұтып, «Ақтөбемен» болған тартыста Қазақстан Суперкубогін еншіледі. Жазда алматылылықтар ел намысын ЧЛ-ның іріктеу кезеңдерінде қорғамақ.
Біздің серіктес: FONBET