"Реал" - жаңа қақпашы сатып алды. Зидан өз ұлын да алмапты. Енді Навас қайда бармақ?

19.06.2019, 18:26
"Реал" - жаңа қақпашы сатып алды. Зидан өз ұлын да алмапты. Енді Навас қайда бармақ?
"Goal.com" порталының хабарлануынша,  "Реал" алдағы маусымда Украина құрамасының қақпашысы Андрей Лунин мен Тибо Куртуаға ғана сенім артпақ. Дәлірек айтсақ, бельгиялық футболшы негізгі құрамда шығатын болса, Лунинді екінші номерлі қақпашы ретінде істе сынап көрмек. Демек, құрамды жасартуға кіріскен "Реал" басшылығы Кейлор Навас пен бас бапкер Зенедин Зиданның ұлы Люка Зиданды да сатуға дәмелі. Естеріңізге сала кетейік, "Реал" Рндрей Лунинді өткен жылы сатып алып , Леганеске жалға берген-ді. Енді қайта клубқа қайтаруды жөн деп шешіпті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×