"Реал" құрамында соңғы 18 жылда алғаш рет "Алтын доп" иегері жоқ

28.07.2018, 03:52
"Реал" құрамында соңғы 18 жылда алғаш рет "Алтын доп" иегері жоқ
"Реал" 2000 жылдан бері алғаш рет Алтын доп иегерінсіз маусымды бастауы мүмкін. 2000/2001 жж. маусымнан бері мадридтік клуб қатарында үздіксіз "Алтын доп" иегері өнер көрсетіп келген екен. Бұл ерекшелікті Marca басылымы жариялаған екен. Сол бір 200/01 жж. маусым басында "Реал" сапын Луиш Фигу толықтырған болатын. Сол уақыттан бері мадридтік клуб құрамында Зинедин Зидан, Майкл Оуэн, Роналдо, Фабио Каннаваро, Кака және Криштиану Роналду өнер көрсеткен. Аталған ойыншылардың бәрі әлемнің үздік футболшысы атағын иемденгендер. Енді Криштиану Роналду "Ювентуске" ауысып кеткеннен кейін, бұл атақты иемденген ойыншы "Реал" сапында қалмады.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×