"Реал" - өзінің трансферлік рекордын жаңартты

13.06.2019, 18:32
"Реал" - өзінің трансферлік рекордын жаңартты
Мадридтің "Реалы" жазғы трансферлік ауысым кезінде қаржы жұмсаудан өзінің 10 жыл мұрты бұзылмаған рекордын жаңартты. Қазірдің өзінде "галактикаос" жаңа ойыншылар алу үшін 303 млн. еуро жұмсады. Әлі трансферлік кезең аяқталмағанын, оған қоса корольдік клуб тағы да бірнеше ойыншы алуға ниетті екенін ескерсек жоғарыдағы сомма артпаса кемімейді. Реал басшылығы Эден Азарды ("Челси", € 100 млн), Лука Йовичты ("Айнтрахт", € 60 млн), Эдер Милитаоны ("Порту", € 50 млн), Ферлан Мендиді ("Лион", € 48 млн) мен Родригоны ("Сантос", € 45 млн) сатып алды. Ал осыдан 10 жыл бұрын Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед", € 94 млн), Кака ("Милан", € 67 млн), Карим Бензема ("Лион", € 35 млн), Хаби Алонсо ("Ливерпуль", € 34,5 млн), Рауль Альбиоль ("Валенсия", € 15 млн), Альваро Негредо ("Альмерия", € 5 млн), Альваро Арбелоа ("Ливерпуль", € 4 млн) и Эстебана Гранеро ("Хетафе", € 4 млн)  үшін жалпы алғанда € 258,5 млн. еуро жұмсаған еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×