"Реал" клубтың ресми сайтында Бразилия құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Неймардың трансферіне қатысты ресми ақпарат жарияланды.
"Спорт-Экспресс" басылымы мадридтік клубтың ресми сайтына сілтеме бере отырып осындай ақпарат жариялады.
Бұған дейін түрлі ақпарат құралдары Роналдудың "Ювентуске" ауысуынан кейін "Реалдың" трансферлік мақсаты Неймар болады,-деген ақпарат тараған болатын.