"Реал" Неймар үшін 300 миллион еуро төлеуге дайын

18.08.2018, 01:18
"Реал" Неймар үшін 300 миллион еуро төлеуге дайын
Мадридтің "Реалы" "ПСЖ-ның" шабуылшысы Неймарға қызығушылығын қайта жандандырды. Sport.es басылымының мәліметінше, мұндай шараның басты себебі "Реалдың" УЕФА Суперкубогі жолындағы  кездесудегі "Атлетикоға" жеңілісі (2:4). Ақпаратқа сай, Флорентино Перес "Ювентуске" ауысып кеткен Криштиану Роналдудың орнына шұғыл түрде жұлдызды шабуылшы қарастыру туралы шешім қабылдаған көрінеді. Корольдік клубтың нысанына айналғанына бразилиялықтың өзі де Мадридке қоныс тебуге қарсы емес екен. "ПСЖ" болса, бұл трансферді аса құптап отырған жоқ. Алайда, УЕФА тарапынан қаржылық фэйр-плейге байланысты қысым көріп отырғандықтан париждік клуб үшін тиімді трансфер болса, қарастырып көруге дайын сыңайлы.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×