Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Карлос Каземиро мен шабуылшы Эден Азар коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Олар команданың басқа ойыншыларынан оқшауланып, карантинге жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, Ла Лиганың сегізінші турында Азар соңғы 392 күндегі алғашқы голын соққан болатын. Өткен маусымда шабуылшы барлық турнирлерде 22 матчқа қатысып, бір гол соғып, жеті нәтижелі пас берген еді.
Каземиро "Реал Мадрид" сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Жартылай қорғаушы "Сан-Паулудан" 6 миллион еуроға ауысып келген болатын. Ол осы маусымда 10 матчқа қатысып, бір гол соқты, бір нәтижелі пас берді.
"Реал Мадрид" Ла Лиганың 7 турында 16 ұпай жинады және турнир кестесінде екінші орында тұр. Келесі матчта корольдік клуб "Валенсиямен" кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET