«Реал Мадрид» Серхио Регилонды қайтарып алғысы келеді

12.12.2020, 16:26
Келісімшартта қайта сатып алу мүмкіндігі қарастырылған екен.
«Реал Мадрид» Серхио Регилонды қайтарып алғысы келеді

"Реал Мадрид" соңғы трансферлік терезеде "Тоттенхэмге" ауысқан 23 жастағы испаниялық тәрбиеленушісі Серхио Регилонды қайтаруға ниетті, деп хабарлайды TalkSport El Chiringuito басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Регилонды қайтаруға "Реал Мадридтің" 33 жастағы қорғаушысы Марселоның сүреңсіз ойыны себеп болған.

Еске салайық, 23 жастағы қорғаушы биыл қыркүйекте "Тоттенхемге" ауысқан болатын. Трансфер құны 30 миллион еуроны құрады. Сонымен қатар, бұл мәміледе 45 миллион еуроға қайта сатып алу мүмкіндігі бар, "Реал Мадрид" басшылары дәл осы тармақты қолданбақшы.

Ағымдағы маусымда Серхио Регилон "Тоттенхэм" сапында барлық турнирлерде 12 кездесу өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×