«Реал» Мадрид Испания чемпионы!

17.07.2020, 08:02
Ал «Барселона» өз алаңында абыройсыздықпен жеңілді.
«Реал» Мадрид Испания чемпионы!

"Барселона" бірінші болып гол жіберіп алды. Сосын, екінші таймда таразы басын Месси теңестірді. Сосын "Осасуна" 1 ойыншыға кем ойнады. Соның өзінде олар "Барселонаны" 2-1 есебімен жеңді. Каталония жұртшылығы мұндай масқараны көрмегеніне біраз болып еді. Чемпиондыққа таласып тұрған команда өз алаңында жеңіліп, "Реал" Мадридтің еркін көсілуіне мүмкіндік берді. 4 ұпай озып тұрған "Реал" өз алаңында "Вильярреалды" 2-1 жеңіп 7 ұпай айырмашылығымен чемпион атанды.

"Реал" Мадрид Испанияның 34 дүркін чемпионы! Соңғы 38 тур ойындары 19 шілде күні өтеді.

"Атлетико" Мадрид сырт алаңда "Хетафені" ұтып үшінші орынға нық отырды. "Севилья" 57 ұпаймен тқртінші орында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×