"Реал" 18 жасар шабуылшымен келісім-шарт жасады

20.07.2018, 22:48
"Реал" 18 жасар шабуылшымен келісім-шарт жасады
"Реал" бразиляилық жас шабуылшы Винисиус Жуниорды қатарына қосты. Корольдік клубтың ресми Твиттеріне сілтеме жасай отырып, "Спорт-Экспресстің" хабарлауынша, келісім-шартқа қол қоюға Флорентино Перестің өзі қатысқан. Естеріңізге сала  кетейік, "Фламенгомен" ойыншыны алу туралы келісім 2017 жылдың жазында жасалған еді. Бүгін, шілденің 20-да келісім-шарт заңды күшіне енді, себебі ойыншы кәмелет жасына толған болатын.   2018 жылы жас шабуылшы клуб сапында 19 ойын өткізіп, 6 гол салып, 3 голдық пас берген екен. https://twitter.com/realmadrid/status/1020262101133164545  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×