"РБ Лейпциг" "Страсбург" клубының орталық қорғаушысы Мохамед Симаканмен келісім-шартқа отырды.
Неміс клубы 20 жастағы француз футболшысы үшін 17 миллион еуро төледі және 5 жылдық келісім-шарт жасасты. Қорғаушы жаңа командасында екінші нөмірмен өнер көрсетеді.
Мохамед осы жазда "Баварияға" ауысатын Дайо Упамеканоның орнына келді. Айта кетейік, екі қорғаушы да жаңа командасына осы маусымның соңында қосылады.
Симакан - "Страсбург" клубының түлегі. Қорғаушы осы маусымда 19 ойынға қатысып, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET