"Астананың" шабуылшысы Рангело Янга грекиялық "Аполлон" клубына жалға берілді. Жаңа келісім-шарттың қаржылық мәліметтері белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі Themasports сайтына сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, Рангело Янга "Астанада" жылына шамамен 700 мың еуро алған (357 миллион теңге).
Грекиялық клуб шабуылшыны келесі жылдың мамыр айына дейін жалға алды және бұл соманың үштен бір бөлігінен сәл астамын төлейді, шамамен 230-240 мың еуро. Сондай-ақ жалдау мерзімін 2023 жылдың көктеміне дейін ұзартуға болады.
Еске салайық, Янга "Астана" сапында 2018 жылдың шілдесінен бастап 2020 жылдың ақпанына дейін ойнады. Барлық турнирлерде ол елордалық клуб үшін 64 матч өткізіп, 11 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET