Рангело Янга: «Футбол – бұл өмір, мен алаңға шығып әр ойыннан ләззат алғым келеді»

22.07.2018, 11:17
Рангело Янга: «Футбол – бұл өмір, мен алаңға шығып әр ойыннан ләззат алғым келеді»
26 жастағы шабуылшы елорда командасының баспасөз қызметіне өзінің алғашқы әсерімен бөлісті. Назарларыңызға елордалық клубтың жаңа шабуылшысының алғашқы сұхбатын ұсынамыз.

«Астана» сапына ауысу туралы нұсқа қалай пайда болды? Ұзақ ойландыңыз ба?

- Мен «Астана» футбол клубы туралы өзімнің бұрынғы командалас әріптесім украиналық Роман Яремчуктан білдім. Сол ойыншы арқылы клуб өкілдері маған байланысқа шықты десем болады. Мен өз кезегімде одан клуб туралы, бапкерлер құрамы туралы сұрап білдім. Мен маусымға дайындықты «Гент» сапында бастап, алайда, «Астана» командасынан ұсыныс түскеннен кейін ұзақ ойланбастан, үш апталық келіссөздерден кейін осында келдім.

- «Астана» сапында өз алдыңа қандай мақсаттар қоясың?

- Мен бірінші кезекте әр ойында алаңға шығып,  гол соғу арқылы командаға өз үлесімді қосқым келеді. Әрине, «Астана» командасы кезекті мәрте чемпиондыққа таласып жатқандықтан, осы мақсатқа жетуі үшін барымды салатын боламын. Барлық ойыншылар еурокубоктерде сәтті өнер көрсеткісі келеді. Бұл клуб үшін де, жанкүйерлер үшін де өте маңызды. Және менің де мақсатым осы.

- Сіз «Астана» сапында ойнайтын алғашқы нидерланд ойыншысы атандыңыз. Бұл Сізге қосымша жауапкершілік арта ма?

Мен ол туралы кеше ғана білдім. Футбол – бұл өмір, мен алаңға шығып әр ойыннан ләззт алғым келеді. Бұл жерде менің қай жақтан екендігім аса маңызды емес.

- Астанаға келгенге дейін Қазақстан және «Астана» футбол клубы туралы білдіңіз бе?

- Шынын айтсам, Қазақстан туралы көп білдім дей алмаймын. Тек «Астана» футбол клубының Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында көрсеткен ойындарын білемін. Дәл осы ойындар арқылы команда туралы, осы мемлекет туралы білдім. Оған қоса, Словакияда бірге өнер көрсеткен Уббинк бұл ел туралы, Астана туралы көп айтатын.

fcastana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×