
Отандасымыз кеше Дания чемпионатының 20-турының аясында болған "Сеннерйюске" – «Силькеборг» матчында мергендік танытты (90+3).
Рамазан Оразов қонақтар сапында ойынға төреші қосқан қосымша минуттарда шыққан. Сөйтіп, арада 3 минут салып, өз есімін таблоға жазып, кездесудің нүктесін қойды. «Силькеборг» бәсекеде 3:1-мен жеңіске жетіп, Дания біріншілігіндегі жағдайын жақсарта түскен. Қазақстандық жартылай қорғаушының клубы қазір турнирлік кестенің алтыншы сатысына жайғасқан.
Айта кетейік, бұл Рамазан Оразовтың жаңа жылдан бергі алғашқы ресми матчы болатын. Ал жалпы жартылай қорғаушы Дания чемпионатында 13 ойында екі рет гол соқты. Сондай-ақ, “Қайраттың” түлегі Қазақстан құрамасының жейдесінде 29 ойында бір доптың авторы атанды. Футболшының нарықтық құны 450 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET