Рамазан Оразов "Ақтөбенің" сәтсіздігі жайлы айтты

30.04.2024, 09:36

ҚПЛ-дің алтыншы турында "Ақтөбе" сырт алаңда "Жетісудан" жеңілген болатын. Турдағы басты сенсацияға баланған бәсеке туралы ойын біраз футболшы айтты. 

Рамазан Оразов "Ақтөбенің" сәтсіздігі жайлы айтты
Рамазан Оразов "Ақтөбе" сапында

"Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов та кездесу турасында пікірін ортаға тастаған еді: 

- Мұндай ойыннан кейін бірдеңе дей қою қиын. Матч біз ойлағандай болмады. "Жетісуға" қорғаныстың командасы ретінде дайындалып едік. Олардың қатарында сапалы футболшылар бар. Әлдекімдерде қарсыласқа деген лайықты дайындық болмаған деп есептеймін. Жеңілдік, сондықтан сылтау іздемей, орын алған қателіктермен жұмыс істейміз. Жағдайды түзеп, жеңілмей, ұпай жоғалтпау кереу едік, өкінішке қарай осылай болды. Өткен кездесуді ұмытып, келесі "Астанаға" қарсы матчқа дайындалу керек. Ол өте маңызды ойын - орталық алаңдағы бірінші бәсекеміз. Ойда тек қана жеңіс және жанкүйерлер лық толады деп күтеміз. Барлығы жақсы болады деп үміттенемін. 

Айта кетейік, ҚПЛ-дің алты турынан кейін "Ақтөбе" бірінші орнын сақтап қалды. Алайда, екінші және үшінші сатылардағы "Астана" мен "Жетісуда" да Ақтөбелік клубпен ұпай саны бірдей - 10. Дмитрий Парфеновтің командасы тек қосымша көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×