Италиялық "Болоньяның" бас бапкері Синиша Михайловичтің коронавируске тапсырған тесті оң нәтиже беріп отыр. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Сербиялық маман 2019 жылы химиотерапия курсынан өтіп, рак ауруынан жазылып шыққан болатын. Желтоқсан айында клубқа қайта оралғанымен қаңтар айының аяғына таман қайтадан ауруханаға түсіп, содан 1 мамыр күні ғана емханадан шыққан болатын.
Бапкерден анықталған індеттің симптомсыз түрі екен. Әйткенмен Михайлович алдағы екі аптада оқшаулануда болады.
Біздің серіктес: FONBET