20 мамырда 39 жастағы "Атлетик Бильбао" шабуылшысы Ариц Адурис футболдағы мансабының аяқталғанын жариялады. Сол күні кешке баск клубының үйіндегі ойындарын өткізетін "Сан-Мамес" стадионында шабуылшыға алғыс білдіретін әсерлі мәтін пайда болды. Ол мәтінде былай жазылған: «Сан-Мамес» аты аңызға айналған Ариц Адуриспен қоштасады. Рахмет, Ариц!»
Адурис "Атлетикте" 2002-2003 және 2006-2008 жылдар аралығында ойнады, содан кейін "Бургос", "Вальядолид", "Мальорка" және "Валенсияның" намысын қорғады. Кейін ол қайтадан Бильбаолық командаға оралды. Испания құрамасы үшін Адурис 13 матч өткізіп, екі гол соқты. Адурис - ХХІ ғасырдағы "Атлетик Бильбаоның" үздік бомбардирі. Адурис Баск клубында 405 матч өткізіп, 172 гол соғып, 49 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET