Рафаэль Уразбахтин: жастардың өздерін жақсы қырынан көрсете алғандарына ризамын. «Қайрат» тағы бір талантты сыйламақ

07.02.2025, 17:41

Қазақстан чемпионы «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин командасының маусым басындағы дайындығы жайлы айтты.

Рафаэль Уразбахтин: жастардың өздерін жақсы қырынан көрсете алғандарына ризамын. «Қайрат» тағы бір талантты сыйламақ
"Қайрат" академиясының түлектері

Сондай-ақ, алматылық клубтың ресейлік «Пари НН» командасына қарсы өткен ойынның нәтижесіне де тоқталған болатын (2:4).

«Жақсы матч өткіздік. «Пари НН» мықты команда. Ештеңеге қарамастан, ұтылғанның өзінде біз мына ойынды пайдамызға жаза аламыз. Жаттығуда шыңдаған дүниелеріміздің барлығын бүгін іске асыра алдық деп ойлаймын. Жастардың өздерін жақсы қырынан көрсете алғандарына ризамын. Азулы қарсыласпен салыстыра айтқанда, өздерін сенімді ұстайды, бұл әрине қуантады. Жарақат алған көп ойыншыларымыз ақырындап қатарға қосылуда. Жалпы, айтқанда бұл оқу-жаттығу жиындары, сондықтан ойыншыларды жан-жақты тексерудеміз, қорғаныс пен шабуылдың түрлі нұсқалары да сынақтан өтуде. Белгілі бір деңгейде жүктеме керек бұл бәсекеде балаларға сәл көбірек доп тебуге мүмкіндік бердік. Дайындық қарқынды, жіберген қателіктерге талдау жүргізіп келесі кездесуге дайындаламыз», - деді «Қайраттың» бас бапкері.

Айта кетейік, алматылық клуб Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындары барысында екінші кездесуінде жеңіліс тапты. Алғашқы бақылау бәсекесінде «Қайрат» Грузия чемпионы «Иберия 1999» командасынан ұтылып қалды (0:1).

   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×