Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ең үздік голын анықтау бойынша дәстүрлі дауыс беруі арқылы ҚПЛ-дің 18-ші турының ең әдемі голын анықтады.
Турдың ең әдемі голы болып "Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Радиннің "Атырау" қақпасына салған екінші голы анықталды.
Милан Радиннің голын үздік деп тапқандар 2363 дауыс берді.
Дауыс берудің үздік үштігі төмендегідей:
- Милана Радиннің екінші голы (Ақтөбе – Атырау) – 2363 дауыс;
- Адеринсола Эсеоланың голы (Қайрат – Жетісу) – 749 дауыс;
- Еркебұлан Тұңғышбаевтың голы (Ертіс – Ордабасы) – 335 дауыс.
Сербиялық Милан Радиннің голы "Шілде айының үздік голы" атағына да үміткер болды.
https://youtu.be/5_Qt3jxRCc0?t=1