![Қызық, "Реал Мадридтің" Монреалдағы жаттығуына 15 жапон журналисі не үшін барды?](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/07/11/1ae43a943e932e5c80a2ead52ee867ea.jpg)
"Реал Мадрид" Канаданың Манреаль қаласында маусым алдындағы жаттығу жұмыстарын жүргізбек.
Бір таңқаларлығы бұл жиынға испаниялық журналистермен қатар күн шығыс елінен де БАҚ өкілдері көптеп келіпті. Тіпті, сан жағынан испаниялықлық әріптестерінен де көп болып шықты. Переней түбегінен "галактикоспен" біргі бас-аяғы 11 журналист келген. Ал жапониялық 15 БАҚ өкілі осы жаттығу жұмыстарына шақыртылған 18 жастағы жас футболшы Такефуса Кубо үшін арнайы келіпті.
Осы тұста айта кетейік, осы 15 маманның көпшілігі АҚШ-та жұмыс істейді. Ал тікелей Токиодан келгендер саны 2-3 ғана.
Негізі Такефусаның соңғы сәтте ғана бірінші командамен баратыны белгілі болғанымен, биылғы маусымды ол Испанияның 2 лигасы Сегундадағы «Кастилья» қатарында өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында 18 жастағы ойыншыға "Реал" мен "Барселона" скауттары қатты қызығушылық танытқан еді. Нәтижесінде футболшы үшін таласта Мадрид ұжымы оқ бойы озық шыққан-ды. Жанкүйерлері Такефусаны аласа бойы мен шеберлігіне қарап "жапониялық Месси" деп атап кеткен.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET