"Қызылжар" шабуылшысы клубтан кетуі мүмкін

17.07.2018, 17:00
"Қызылжар" шабуылшысы клубтан кетуі мүмкін
"Қызылжардың" босниялық шабуылшысы Бошко Ступич жақын күндері клубтан кетеді.   Prosports.kz басылымының хабарлауынша, 34 жасар босниялық азаматы клуб құрамынан шығарылады. Шабуылшы "Қызылжар" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетеді. Екі жыл қатарынан клубтың үздік сұрмергені атанған. Барлығы Бірінші лигадағы 51 матчта 26 гол салған екен. Алайда, Ступич ҚПЛ-дің биылғы 19 ойынында нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленбеген екен.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×