26 жастағы ресейлік қорғаушы Олег Мурачев "Қызыл-Жар СК" ойыншысы атанды.
Олег клубтық мансабын 2013 жылы бастады. "Локомотив" жастар командасының сапында 21 матч өткізді. Келесі маусымда "Торпедо" клубына ауысып, 16 ойынға қатысқан болатын. Кәсіби деңгейде жаңа маусымда ФНЛ-ға жолдамаға алған "Спартак-Нальчик" командасында дебюттік ойынына шықты. Келесі маусымда ФНЛ командаларының бірі "Тюмень" және "Волгарь" клубтарында бағын сынап көрді.
2018 жылы краснодарлық "Урожай" командасының құрамын толықтырды. Олегтің соңғы клубы Беларусь чемпионатында ойнайтын "Неман" командасы болды.
Біздің серіктес: FONBET