Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясында "Қызыл-Жармен" кездесті. Матч Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 1:2 есебімен петропавлдық клубтың пайдасына шешілді.
Ойындағы алғашқы голды алаң иелері соқты. 32-минутта Арман Кеңесов командасын алға шығарған еді. Бес минуттан кейін Әлібек Қасым пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді. 52-минутта Данило Алвес кездесудегі жеңісті голды соқты.
Андрей Карпович шәкірттері бұл жеңістен кейін 13 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. 5 ұпайы бар қызылордалық ұжым он екінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET