Шымкенттің "БИІК-Қазығұрт" әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде Латвияның "Ригас ФС" клубын ірі есеппен жеңді.
Кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Біздің қыздардан гол салғандар: Дарья Кравец (4-ші минут), Чинвенде Ихезуо (7), Фазила Иквапут (45 және 58) және Екатерина Бабшук (83).
Іріктеу кезеңінің барлық ойындары Рига қаласында өтіп жатыр. Біздің елдің чемпиондары 7-ші топта өнер көрсетуде. Бұған дейін шымкенттік қыздар Грекияның «Эльпидес Кардицас» клубын 2:1 есебімен жеңген болатын. Екі ойында оң нәтижеге қол жеткізген жерлестеріміз өз тобында көш бастап тұр. "БИІК-Қазығұрт" 13 тамыз күні 7-ші топтағы соңғы кездесуін Аустрияның "Ландхаус" клубына қарсы өткізеді. Келесі кезеңге тікелей топтың жеңімпазы ғана өтеді.