«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев «Карабахқа» қарсы ойынды (1:2) қорытындылады:
- Бүгінгі ойынға көңіліңіз тола ма?
- Мен жігіттерге бұл біздің ең жақсы ойынымыз екенін айттым. Тек уақыт жеткіліксіз болды. «Карабахта» қарымта шабуылға қалай шығу керектігін білетін өте жылдам шабуылшылар бар. Жалпы, ойынға көңілім толады.
- Ян Вороговскийдің жағдайы қалай?
- Ол шынымен де ауыр жарақат алды.
- Кеше баспасөз мәслихатында Яцек Гуральски матчты толық өткізуге дайын емес деп айттыңыз, бірақ бүгін ол 90 минут ойнады.
- Яцекке келсек, біз жетпісінші минутта оны ауыстырайын деген едік, бірақ Поляков жарақат алған Әліптің орнына шығуға мәжбүр болды.
Біздің серіктес: FONBET