Көкшетаудың "Оқжетпесіне" қонаққа барған Владимир Газзаев шәкірттері 1-2 есебімен жеңіске жетті.
"Оқжетпес" - "Тобыл" 1:2.
Гол авторлары: Т. Нөсербаев 89 мин, - Н. Квеквискири 41 мин, М. Федин 55 мин.
Бірінші тайм соңында көкшелік футболшылардың алаң ортасындағы қателігін тиімді пайдаланған "Тобыл" жартылай қорғаушысы Ники Квеквкскири қонақ команданы есепте алға шығарды. Екінші тайм басталғалы бері шабуылда белсенді ойнаған қонақтар 55 минутта Макис Фединнің арқасында есепті 0-2 жеткізді. Ал 65 минутта Артурас Жулпа жерде жатқан Санат Жұмхановты кеудеден итеріп жібергені үшін алаңнан қуылды. "Оқжетпес" футболшылары 89 минутта Танат Нөсербаевтың бір голымен есепті қысқартқаны болмаса, одан арыға шамалары жетпеді. Осылайша, "Тобыл" 5 турдан кейін 15 ұпай жинап, көш басында қала бермек.
Шамкен БАЙЫРБЕК.