ҚПЛ: "Тобыл" - "Қайраттан" ірі есеппен ұтылды

22.07.2019, 02:13
ҚПЛ: "Тобыл" - "Қайраттан" ірі есеппен ұтылды

"Тобыл" - "Қайрат" 3:5.

Гол авторлары: А. Жулпа, 14 мин, М. Федин, 31 мин, С. Себаи, 84 мин - Е. Сейдахмет, 45+1 мин, М. Эппель, 74 жəне 79 мин, А. Эсеола, 82 мин, Б. Исламхан, 86 мин.

Қостанайдың "Тобылы" бүгін "Қайратты" өз алаңында қабылдап, 3:5 есебімен ұтылып қалды.

Негізі матч алаң иелері үшін жақсы бамталған-ақ еді. 31 минутқа дейін қорғаушы Артурас Жулпа мен шабуылшы Максим Федин гол соғып, сенімді ұтып жатқан. Алайда, тайм соңында Еркебұлан Сейдахмет баспен тура соққы бағыттап, есепті қысқартыр кетті.

Ал 2-тайм "Қайрат" үшін салымды болды. Алаң иелерін барынша тықсырып тастады. Алдымен Мартон Эппель 74 пен 79 минуттарда дубль жамаса, Адринсола Эсеола 82 минутта есепті 4:2-ге жеткізді. Ойынға тыңнан қосылған Сенин Себаи 3-голды салып ойын көркін қайтарғанымен 86 минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден қорытынды есепті тіркеді.

19 турдан кейін "Тобыл" 39 ұпаймен көш басында қала берсе, "Қайрат" пен "Астана" 38 ұпаймен 2 сатыда келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×