ҚПЛ: "Тобыл"-"Атырауды" ірі есеппен ұтты

19.05.2019, 02:29
ҚПЛ: "Тобыл"-"Атырауды" ірі есеппен ұтты
"Тобыл" 11 турда "Атырауды" қабылдап, сенімді жеңіске жетті. Енді 23 ұпай жинап, "Қайсармен" бір екінші орынды бөлісіп тұр.  "Тобыл-Арена" стадионы. 3 000 жанкүйер "Тобыл" - "Атырау" 3:0.  Гол авторлары: М. Федин, 44 мин, А. Жулпа, 53 мин, Р. Валиуллин, 90+3 мин. Өткен турда сырт алаңда "Қайсардан" оңбай ұтылған "Тобыл" 11 турда ес жинады. Мұнайлы өңірдің командасын қабылдап, 3:0 есебімен жеңді. Бірінші голды тайм түгесілер тұста шабуылшы Максим Федин салды. Бұрыштамадан кейін Фернандер Кассай сырғытып берген допты қақырата теуіп, қақпадан бір-ақ шығарды. Екінші доп үзілістен соң 53 минутта соғылды. Гол авторы Артурас Жулпа. Ал үшінші голды ойын аяқталар тұста жартылай қорғаушы Руслан  Валиуллин соқты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×