![ҚПЛ. Соңғы трансферлер](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/03/01/1cf79e20601e137de4692fb239c0a534.jpg)
Рохер КАНЬЯС- «Ертіс» ФК жартылай қорғаушысы
- Мен қазақстанды Ертіс командасын өте жақсы білемін. Қазақстан маған футбол тұрғысында көп нәрсе берді. Сондықтан да екінші отаныма келгеніме қуаныштымын.
Биылғы біріншіліктің фавориттерінің бірі «Тобыл Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Команда маусым аралық үзілісте мықты ойыншылармен толығып жатыр. Соның бірі Никита Бочаров.Никита БОЧАРОВ - «Тобыл» ФК жартылай қорғаушысы
Өткен жылғы маусым аяқталысымен маған Азат Нұрғалиев хат жазды. Ол маған «Тобыл» сапына ауысқың келмей ме деп сауал тастапты. Біз ол екеуміз бір командада ойнадық. Сондықтан да мені команданы күшейтеді деп шақырды. Ол мені жақсы білетіндіктен, клуб басшыларына қолғабыс етіптін. Сосын мен «Тобыл» сапына ауыстым.
«Жетісу» Түркиядағы жиынын жалғастыруда. Өткен аптада олар жолдастық матч өткізіп, 1-2 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, команда жақсы ойын көрсетіп, көптеген гол соғатын мүмкіндіктер жасады. Дмитоий Огай шәкірттері биыл да фавориттердің жүйкесіне тиіп, медальға қол созуы мүмкін. «Шахтёр» польшаның «Термалика» командасымен кездесті. «Кеншілер» 1-0 есебімен жеңіске жетті. Қарағандылықтар күшейіп, маусымға нық сеніммен қатыспақшы. Жолдастық кездесулер барысында қарағандылық клуб үшін Жстония құрамасының шабуылшысы Сергей Зенев дебют жасады.Сергей ЗЕНЕВ- «Шахтёр» ФК шабуылшысы
- Қала туралы барлығын тамашалап шықтым да, неге осында келмеске деп шештім. Дәл қазір бұл команда мен үшін өте жақсы нұсқа. Қазақстан футболында бірнеше досым бар. Олар қазір өзге командаларда ойнап жүр. Мен солардан сұрастырып жүріп, көп ақпарат жинадым. Олардың сөзі маған жақсы әсер етті де, мен еш ойланбастан Қазақ жеріне келіп отырмын.
«Ордабасы» мәскеудің «Динамо» командасымен кездесті. Шымкенттіктер 1-2 есебімен жеңіліс тапты. Қарсыластар сапынан Луценко мен Жаозиньо гол соқса, оңтүстік аймағының командасынан Виталий Ли көзге түсті.Виталий ЛИ - «Ордабасы» ФК жартылай қорғаушысы
Біз бүгін өте мықты командамен кездестік. Ресейдің беделді ұжымының бірі екенін бәрі біледі. Ойын барысында екі сызбанұсқаны пайдаландық. Алғашқысы 4, екіншісі 5 қорғаушымен болды. Деңгейі сәл жоғары командаға қарсы гол соқтық. Тіпті тең нәтиже алып кететін де мүмкіндіктеріміз болды. Көп тәжірибие жинайтын осындай спарринг ойындары көбірек болса деп тілейміз.
Биылғы чемпионат 9 наурыз күні басталады. ҚПЛдың барлық клубы құрамын жасақтап үлгерді. Кім чемпион боларын қазір ешкім де білмейді. Демек, біріншіліктің басталуын тағатсыздана күтеміз деген сөз.Біздің серіктес: FONBET