Өз алаңында Павлодардың "Ертісін" əзер ұтты.
"Қайрат" - "Ертіс" 2:1.
Гол авторлары: Адеринсола Эсеола, 4, 40 минуттарда (дубль) - Рохер Каньяс, 34 мин.
Алдыңғы сəтсіздіктерден соң өз жанкүйерлерінің қуанту үшін "Қайрат" ойын басынан белсенді қимылдады. Көп ұзамай бұл нəтиже беріп, 4 минутта Адеринсола Эсеола оң қапталдан басталған шабуылды голмен аяқтады. Артынша, Георгий Жуковта есепті еселейтін жақсы мүмкіндікболған. Алайда, тепкен добы қақпа маңдайшасынан қайтты. "Ертіс" ойыншылары да қарап қалмай бірнеше шабуылмен есте қалды. Ал 34 минутта француз Жереми Монзороның оң қапталдан əуелете орындаған айып соққысын Рохер Каньяс голға айналдырды. Осыдан соң ойын қарқыны саябырсығандай болған-ды. Дегенмен, 40 минутта "Қайраттың" кезекті шабуылдарының бірінде Адеринсола Эсеола əуелеп келген допты баспен алыс бұрышқа бағыттап есепті 2:1-ге жеткізді.
Екінші тайм екі тараптан да ұйымдастырылған қауіпті шабуылдармен есте қалғанымен, гол соғылмады.
Шамкен БАЙЫРБЕК.