ҚПЛ: "Ертіс" қатарынан 3 ойында ұтылды

27.04.2019, 23:33
ҚПЛ: "Ертіс" қатарынан 3 ойында ұтылды
Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 7 турында "Оқжетпеске" қонаққа барған "Ертіс" тағы ұтылды.   "Оқжетпес" - "Ертіс" 1:0 Гол авторы: С. Жұмаханов, 25 мин. "Оқжетпес" стадионы. 1 700 жанкүйер. Биыл біріншілікте жүлдеге таласуға ниетті Павлодардың клубы əзірге тым сүреңсіз ойнауда. Бүгін "Оқжетпестің" тегеурініне тағы шыдас бере алмады. Матчтағы жазғыз голдың авторы шабуылшы - Санат Жұмаханов. 25 минутта Санаттың айып алаңының сыртынан керіле тепкен добына "Ертіс" қақпашысы еш қауқар көрсете алмады. Бұл шабуылшының биылғы маусымдағы - 2 голы. Ойын соңына дейін барынша шабуылдап баққан Демитар Демитровтің командасы қорытынды есепке өзгеріс енгізе алған жоқ. Осылайша, қатарынан: -"Оқжетпес" 2 ойында ұтса, -"Ертіс" 3 матч ұтылды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×