ҚПЛ: "Ертіс" ес жия алмай келеді

02.05.2019, 04:58
ҚПЛ: "Ертіс" ес жия алмай келеді
"Ертіс"- "Жетісу" 0:3 Павлодар Орталық стадионы. 1 500 жанкүйер  Өз алаңында ес жиюға ұмтылған "Ертіске" "Жетісу" дес берген жоқ. Керісінше, Дмитрий Огай шəкірттері жауапсыз 3 доп соғып ірі есеппен жеңіске жетті. Ойынның бірінші таймы тек 17 минуттағы Елжас Алтынбековтің голымен ғана есте қалды. Ал екінші таймның 57 минутында Елжас дубль авторы атанған соң алаң иелері шабуылда ширақ қимылдай бастады. Алайда, 68 минутта Камо Оганесян 3 голды соғып кетті. Бұған қарамастан тағы да шабуылдап баққанымен "Ертіс" футболшылар алаңнан голсыз кетті.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×