ҚПЛ: "Ел классико" "Астананың" сырт алаңдағы жеңісімен аяқталды

21.04.2019, 01:03
ҚПЛ: "Ел классико" "Астананың" сырт алаңдағы жеңісімен аяқталды
  Ал Қайрат қатарынан екінші матчта ұтылды.  Алматыда өткен 6 турдың орталық ойыны "Қайрат" пен "Астана" арасында өтіп, 0:1 есебімен қонақ команданың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 20 минутта қарымта шабуылда кезінде румыниялық жартылай қорғаушы Дорин Ротариу соқты. Осылайша, Румыния құрамасының 23 жастағы ойыншысы екінші матч қатарынан гол салса, жалпы 4 голмен сұрмергендер арасында бірінші орынға көтерілді. ал "Астана" болса осы жеңістен кейін  6 турдан соң 19 ұпай жинап, бірінші орынға шықты. Дегенмен, Григорчук баптайтын команданың "Атыраудан" басқа ұжымдардан бір ойыны артық. Алаң қожайындары ойын соңына дейін шабуылда барынша қимылдағанымен таразы басын теңестіре алған жоқ. Бұл "Қайрат" үшін қатарынан 2 жеңіліс. Естеріңізде болса, 5 турда Шпилевский шәкірттері сырт алаңда "Жетісуға" 3-0 есебімен ұтылып қаған. Қазір "Қайрат" 12 үпаймен 3 орында келеді.

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×