ҚПЛ: "Атырау" - "Астанаға" қарсылық көрсете алмады

02.05.2019, 05:38
ҚПЛ: "Атырау" - "Астанаға" қарсылық көрсете алмады
"Атырау" - "Астана" 0:3 Шымкенттегі "Қажымұқан Мұңайтпасов" атындағы стадион. 500 жанкүйер. Қазіргі ел чемпиондары "Астана" 8 турда еш қиындықсыз 3 ұпайға қол жеткізді. Өз алаңының жарамсыздығына байланысты бұл ойынды Шым қалала өткізген "Атырау" қақпасына жауапсыз 3 гол кірді. Алдымен 8 минутта Марин Томасов қорғаушыны қапы қалдырып допты тартып алған соң, жерлете тепкен-ді. Қақпашы үшін еш қиындық тудырмауы керек соққы Александр Заруцкийге келгенде сырт айналды. Уысынан ытқып шыққан доп қақпа торында тулады. Ал екінші таймда "Астана" Серікжан Мужиковтың 30 метрдей жерден қақырата тепкен добынан соң есеп 0-2-ге жетті. Шыны керек, бұндай допты қайтару некен-саяқ кездеседі. Матч соңына қарай тыңнан қосылған шабуылшы Сергей Хижниченко керек кезде қақпа алдынан табылып командасының 3-голын салды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×