![ҚПЛ: "Астана" - "Таразды" ірі есеппен жеңіп, көш басына қайта оралды](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2019/07/29/2981d96d0ea8347837132e816ecb28f9.jpg)
"Астана" - "Тараз" 4:0.
Гол авторлары: Р. Янга, 33, 71 мин, (дубль), Ф. Мубеле, 63 мин, М. Томасов, 88 мин.
"Астана" біріншіліктің 20-турында аутсайдерлердің бірі "Таразды" қабылдап, 4:0 есебімен жеңді.
Үзіліске дейін ел чемпиондары тек 33 минутта ғана Рангело Янга баспен салған голдан кейін есеп ашты.
Ал 2-таймда 63-минутта "Тулузадан" ауысқан шабуылшы Фирмин Мубеле шеберлігін паш етіп, ҚПЛ-дағы алғашқы голын соқты. Араға 8 минут салып оң қапталдан допты қақшып алған Марин Томасов әріптесі Янганың біздің чемпионаттағы алғашқы дублін жасауға септігін тигізді. Ал 88-минутта Мариннің өзі жақын бұрышты дөп көздеп "Астананың" 4-голының авторы атанды.
Осы жеңісінің арқасында "Астана" 41 ұпаймен бірінші орынға қайта жайғасса, еншісінде 16 ұпайы бар "Тараз" 11-орында.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET