ҚПЛ: "Астана" - "Қайсарды" ойсырата ұтты

17.06.2019, 03:43
ҚПЛ: "Астана" - "Қайсарды" ойсырата ұтты
"Астана" - "Қайсар" 4:1. Гол авторлары: Р. Мұртазаев, 14 мин, Ю. Перцух, 26 мин, Д. Ротариу, 47 мин, М. Томасов, 50 мин - Т. Барсегян, 79 мин. ҚПЛ-дың ең тартысты матчы болады деп күткен бұл ойын расында үмітті ақтаған жоқ. Пентакампиондар бірінші таймның өзінде екі гол салып тастады. Ал "Қайсар" футболшылары өндіріп шабуыл ұйымдастыра алмады. Ал екінші тайм басында Стойчо Младенов ойыншылар алмастырып тактикалық өзгеріс жасаған еді. Алайда бұл да командаға оң əсерін бермеді. Керісінше, бас-аяғы 5 минутта тағы екі гол жіберіп алды. Қонақтар сапынан жалғыз жауап голын 79 минутта Армения құрамасының ойыншысы Тигран Барсегян соқты. Осы жеңістен кейін "Астана" 35 ұпаймен көш басында қала береді. Екінші орында 32 ұпайы бар "Тобыл" келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×